Instagram ұзақтығы 1 сағатқа дейін жететін видео салуға мүмкіндік жасамақ

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Instagram желісі көп ұзамай өз қолданушыларына 1 сағаттық бейнероликтерді жүктеуге мүмкіндік беруі ықтимал, деп хабарлайды ТАСС The Wall Street Journal газетіне сілтеме жасап.

Басылым хабарлағандай, Instagram желісі тиесілі Facebookте қолданушылар салатын бейнероликтердің ұзақтығын созуды қарастырып жатыр. Қазіргі таңда инстаграмға ең ұзағы 1 минутқа созылатын видео салуға ғана болады.

Сонымен қатар, жаңа өзгертулер тек тігінен түсірілген бейнелерге қатысты болуы мүмкін екені айтылды. Мұндай форматты Instagram Stories функциясы ғана жүзеге асыра алады. Оның көмегімен 24 сағат бойы қолжетімді суреттер мен ұзақтығы 15 секундке жететін қысқа видеолар салуға болады.

Әзірге бір сағаттық роликтер тек Instagram Stories-ке немесе түгелдей желіге қатысты болады ма, жоқ па - белгісіз. Қалай болғанда да, газетте айтылғандай, жаңа өзгертулерді енгізу жөнінде нақты шешім әлі қабылданбады және жоспар өзгеруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар