+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Instagram арқылы 40-тан астам адамды алдаған қыз 3,5 жылға сотталды

2021 жылғы 2 тамыз 12:31
Бөлісіңіз:
Instagram арқылы 40-тан астам адамды алдаған қыз 3,5 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Instagram арқылы әйелдер киіміне тапсырыс қабылдап, желі қолданушыларынан 2 млн теңгеден астам ақша алдап алған азаматшаға сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, күдікке ілінген азаматша - 1995 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны.

«Оның оңай ақша табу үшін Instagram арқылы әйелдер киіміне тапсырыс қабылдап, орындамағаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде сатылатын киімдердің каталогын жариялайтын аккаунт ашып, жалған хабарландыру ілген. Оның қолында хабарландыруда көрсетілген тауардың ешбірі болмаған. Сөйте тұрып, тауардың бағасын 100 пайыз көлемінде алдын ала төлем қабылдап, курьер арқылы жолдауға уәде берген. Курьерлік қызмет тапсырысты бір аптаның ішінде жеткізетінін пайдаланып, бірнеше күн бойы алаяқтығын еш кедергісіз жалғастырып келген», - дейді ІІМ өкілі.

Осы уақыт ішінде күдіктінің құрығына 40-тан астам адам ілінген.

«Күдіктінің қылмыстық әрекетінің кесірінен 40-тан астам адам алданған. Материалдық шығынның жалпы көлемі 2 млн теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жолданып, сот үкімімен азаматша 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Санжар Әділов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT