+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Инспекторлар оқушыларға карантин талаптарын түсіндірді - Алматы облысы

2020 жылғы 22 қыркүйек 23:35
Бөлісіңіз:
Инспекторлар оқушыларға карантин талаптарын түсіндірді - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері онлайн тәртіпте жиналыстар өткізіп, оқушылардың қауіпсіздігі мен санитарлық талаптарының сақталуын ескертуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының тәртіп сақшылары коронавирус індетіне байланысты білім берудің онлайн тәртіпте жүргізіліп жатқанын ескере отырып, оқушылармен және олардың ата-аналарымен ғаламтор арқылы кездесулер өткізуде. Жергілікті білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өтетін онлайн жиналыстарда ювеналды полиция өкілдері оқушылардың қауіпсіздігі, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынуды қалыптастыруға бағытталған құқықтық-насихаттық, ақпараттық сипаттағы әңгімелесулерді қашықтықтан жүргізуде.

«Алматы облысы аумағында 760 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен 76 колледж бар. Ювеналды полиция тобының 182 инспекторы аталған білім мекемелеріндегі тәртіп пен құқықтық тәрбиеге жауапты ретінде бекітілген. Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты онлайн режимде ұйымдастырылғанын есепке алып, тиісті жұмыстарды онлайн тәртіпте жүргізіп жатырмыз. Барлық инспекторлар ата-аналармен, оқушылармен және педагогикалық ұжымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады»,- деді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Медет Құнанбаев.

Полиция өкілдері карантин жағдайында мектеп әкімшілігімен және ата-аналар комитетімен тығыз қарым-қатынаста жұмысын жалғастыратын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT