+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Инспекторлар елорда аумағындағы қасқырлар туралы қауесетті жоққа шығарды

2020 жылғы 24 қаңтар 18:14
Бөлісіңіз:
Инспекторлар елорда аумағындағы қасқырлар туралы қауесетті жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда аумағына және қала маңындағы елді мекендерге қасқырлар кірген жоқ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында қасқырдың адамға шапқаны дәлелденген жоқ Ақмола облысында қасқыр атқан тұрғын ұсталды Комитет пен әкімдік елорда маңында жүрген қасқыр туралы видеоға пікір білдірді

«Кешеден бері әлеуметтік желілерде елорда маңындағы елді мекендер аумағына және қаланың айналасына қасқырлардың кіргені туралы фотосурет және бейне материалдар таралуда. Осы орайда кеше кешқұрым Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары барша қала бойынша қасқырларды іздестіруге қатысты мониторингтік жұмыстарды жүргізді. Алайда ондай фактілер тіркелмеді. Сонымен бірге, қала әкімдігі мен құқық қорғау органдары қала аумағында және жақында орналасқан елді мекендерде қасқырлар жүргендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Кез келген жабайы жануар адамдар жүрген жерден аулақ болуға тырысатынын атап өткен жөн», - деді Н. Жүнісов.

Мұнымен қоса, ол Қазақстанда қасқыр мен шибөрі санын реттеу лимиті бекітілгенін еске салды. 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT