Инспекция Каспийден өлі балықтар табылды деген видеоға түсінік берді

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат- Желіде тараған Каспий теңізі жағалауынан табылған өлі кефаль балықтары туралы видеоға Маңғыстау облыстық Балық инспекциясы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Басқарма қызметкерлері Тасорпа жеріне дейінгі жағажай аумағын тексеріп шықты. Алайда бірде-бір өлі балық табылған жоқ»-деді Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясының басшысы Жақсығали Іздібаев.

Желідегі видеоны С.Бодрягин есімді Ақтау қаласы тұрғыны таратқан.

Мемлекеттік инспекторлар ол азаматпен байланысып, ақпаратты қайдан алғанын сұраған.


Ол нақты қай жер екенін білмейтінін, бейнетүсірілімге қатысты жазбаны білместікпен жазғанын айтқан.


Соңғы жаңалықтар