Инновациялық технологияны енгізіп, науқастарды өз елімізде емдеу нәтижесінде 29 млн. доллар бюджет қаражаты үнемделді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары тыңдалды.

«Атап айтқанда, соңғы 3 жылда аналар өлім-жітімі 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге азайды. Қан айналымы жүйесінен болатын өлім көрсеткіші 2 есеге жуық төмендеді. Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 11 пайызға азайды. Жарақаттанушылықтан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15 пайыздан 9,2 пайызға төмендеді»,-делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді, 2009 жылмен салыстырғанда биыл 30,2 пайызға төмендеді.

Жыл сайын 800 мыңнан астам қазақстандық жоспарлы түрде емделу үшін еркін таңдау құқығын пайдаланады. Бұрындары шетелдерге емделуге жіберіліп келген ауру түрлері бойынша ақы төлеудің жаңа қағидасы енгізілді. Айталық, бұған дейін тек шетел клиникаларында болған үш инновациялық технологияны елімізде енгізу нәтижесінде, 2014 жылдың 10 айы ішінде ғана бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы есебінен 29 млн. АҚШ доллары көлемінде бюджет қаражаты үнемделді. 29 млн. доллар бюджет қаражаты үнемделді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімдегі алқа отырысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары тыңдалды.

«Атап айтқанда, соңғы 3 жылда аналар өлім-жітімі 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге азайды. Қан айналымы жүйесінен болатын өлім көрсеткіші 2 есеге жуық төмендеді. Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 11 пайызға азайды. Жарақаттанушылықтан болатын өлім-жітім көрсеткіші 15 пайыздан 9,2 пайызға төмендеді», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қол жеткізілді, 2009 жылмен салыстырғанда көрсеткіш биыл 30,2 пайызға төмендеді.

Жыл сайын 800 мыңнан астам қазақстандық жоспарлы түрде емделу үшін еркін таңдау құқығын пайдаланады. Бұрындары шетелдерге емделуге жіберіліп келген ауру түрлері бойынша ақы төлеудің жаңа қағидасы енгізілді. Айталық, бұған дейін тек шетел клиникаларында болған үш инновациялық технологияны елімізде енгізу нәтижесінде, 2014 жылдың 10 айы ішінде ғана бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы есебінен 29 млн. АҚШ доллары көлемінде бюджет қаражаты үнемделді.

Соңғы жаңалықтар