Инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстанға арнайы агенттік құру қажет - Х. Коттилайнен

None
None
АСТАНА. Қазанның 10-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстанға жобаларды қаржыландыру жөніндегі арнайы агенттік құру қажет. Бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстан - 2030» стратегиясы: Қазақстан үшін жаңа 10 жылдық мүмкіндіктері мен перспективасы» атты конференция барысында  халықаралық сарапшы Хейкки Котилайнен осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Жиын барысында халықаралық сарапшы Хейкки Котилайнен техникалық және инновациялық саясаттағы бәсекеге қабілеттілік және экономикалық даму мәселелеріне тоқталып, ондағы халықаралық тәжірибелерді саралай келе, Қазақстанның мүмкіндіктеріне де назар аударған болатын. Осы тұрғыда, сарапшы инновациялық саясатты жүзеге асыру үшін арнайы агенттік құрудың өзектілін де атап өтті. «Экономика мәселесінде Үкімет жалпы жоспарлау жұмыстарын өзі де атқаруды жалғастыра беруі тиіс, ал қаржыландыру мәселелерін шешуді арнайы агенттікке бергені орынды. Жалпы, Үкіметтің бекіткен жоспарлары шеңберінде нақты жобалар да әзірленуі керек. Ал сол жобаларды бағалауды арнайы уәкілетті ғылыми мекеме жасауы тиіс. Бұдан кейін барып, агенттік жобаның өзектілігін ескере отырып, қаржыландыру мәселесін, сондай-ақ мемлекеттік қаражаттың үлесін анықтап, шешуі керек», деді Х. Котилайнен.

Оның айтуынша, Финляндияда соңғы 15 жыл бойы кәсіпорындардың негізгі жобаларының жартысы және маңызды инновациялардың 60 пайызы ішінара мемлекеттік қаржыландыруға жатады. «Кәсіпорындар үшін тәуекел мәселесі әрқашан өзекті болып табылатындықтан, мемлекет арқылы сол тәуекелдің ауыртпалығы бөлінетін болады», деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар