Инновациялық форум аясында 14 меморандумға қол қойылды

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас» атты Инновациялық форумға

байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин аталмыш форум барысында14 меморандумға қол қойылғандығын мәлім етті.

Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, форум кешеден бері бес сессия бойынша өз жұмыстарын жалғастырды. «Бес сессияға мыңнан астам инноваторлар қатысты. 14 меморандумға қол қойды. Оның 6-уы коммерцияландыру мәселелерін қамтиды. Ал 8-і лин- технологиялар сессиясында жасалды», - дейді Ә. Сұлтанғазин. Оның айтуынша, инновациялық жобалар көрмесіне 68 жобалар қойылды. «Жобаларды ұсыну барысында да қызу бәсекелестік болды. Мәселен, осы көрмеге ұсынылған бір орынға 11 үміткерден тіркеліп, соның ішінен ең үздіктері таңдалды. Бұның өзі инновация саласындағы бәсекелестіктің артып отырғанын көрсетеді», - дейді Ә. Сұлтанғазин.

Соңғы жаңалықтар