Инновациялық дамуды қаржыландыру соңғы 5 жылда 50 млрд. теңгеге жетті - Н. Назарбаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Инвестициялар және даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан форум барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі инновациялық даму жайлы айтып өтті.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Жолдауымда мен инновациялық даму, ғылыми қамтымды экономика құру керектігі туралы міндет қойдым. Мен осы жерде әдейі сұрадым. Бұл шын мәнінде инновация ма әлде, ілеспе жобалар ма деп. Инновация дегеніміз еңбек өнімділігінің қарқынды дамуына, электр энергиясын үнемдеуге, жаңа өндірістерді ашуға мүмкіндік беруі керек. Мемлекет соңғы бес жылда инновациялық дамудың өсімін қарқынды қолдап келеді. Соңғы бес жылда инвестиция көлемі 3 есеге артып, 50 млрд. теңгеге жетті. Ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкциялар жасап шығаруға жалпы шығындар 49-дан 74 млрд. теңгеге дейін артты. Олардың ішінде 30 млрд. теңге жеке сектордан бөлінді. Осы бағытта Астанада Назарбаев Универститеті мен Алматыда Инновациялық технологиялар паркі базасында екі инновациялық кластер жасалуда», - деді Президент.

Форум жұмысына инвесторлар мен ұлттық компаниялардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар ат салысуда.

Соңғы жаңалықтар