Инновациялық байқау: Гран-при иегерлері қандай идея ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Халықаралық сәулетшілер конгресі аясында "Қалалық орта: Ақылды аудан" атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Бас жүлдені ұтқан командаға 1,5 млн теңге көлемінде сыйақы табысталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың бас жүлдесін "Sredalab" командасы жеңіп алды. Олар ғимараттардың шатырында жылыжайларды салуды ұсынды. Бұдан бөлек, жобаға сәйкес, тұрғын үйлердің алдыңғы бетін шынымен қаптап, оның ішінде қыста гүлдерді өсіруге болады.

"Мысалы, тұрғын үйлердің шатырлары мен фасадтарында жылыжай ашса, оны үйге келетін ыстық сумен, күн батареяларымен, я болмаса, жел энергиясымен жылытуға болады. Фасадта болса, жылуды үйдің өзінен алуға болады. Қыста өсімдіктер үшін 15-17 градус болса да жеткілікті", - дейді жеңімпаз команданың өкілі Анастасия Леонова.

Ал үшінші орын иегері Әмір Сүлейменов сыйақыға алған 300 мың теңгесін өзінің онлайн-мектебін дамытуға жұмсамақшы. Аталған портал арқылы интернет-маркетинг, бағдарламалау мен веб-дизайнге үйренуге болады.

"Онлайн-мектеп мүгедектерге арналған. Мен өзім жүріп-тұрудың проблемасын жақсы білемін. Қазақстанда мүгедектер сан алуан қиыншылықтарға тап болып жатады. Содан онлайн-мектепті ашу идеясы ойыма келді. Соның негізінде адам қажетті білімді алып, өз бизнесін аша алады", - деді Ә.Сүлейменов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Әмірдің өзі Google, Samsung сынды алпауыт компаниялардың онлайн-академияларын аяқтап, тиісті куәліктерін алған.

Айта кетейік, байқаудың сыйақы қоры 3,3 миллион теңгені құрап отыр. Бірінші-екінші орын алғандар автотұрақтарды басқарудың мобильді қосымшасын және қалалық дренажды жүйелеріне арналған теxнологияларды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар