Инновациялық бағыттың барлығында бәсекеге қабілетті болуға назар аударған маңызды -Үкімет басшысы

None
None
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан «Инновациялық Қазақстан - 20 жылдық тәуелсіздік жолынан кейінгі болашаққа көзқарас» атты Инновациялық форумы жұмысы аясында Президенттік инновациялық клубтың алғашқы отырысы болып өтті.

Оның жұмысына Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.

Жиын барысында Премьер-Министр Қазақстанда инновация мәселесінің аса маңызды екендігін атап өтті. «Менің осы шара барысына екі мәрте қатысып, тағы да инновация туралы айтуымның мәнісі де сонда жатса керек», - деп атап өтті К. Мәсімов. Сонымен қатар, Үкімет басшысы бүгінгі басқосу барысында Инновациялық жобалар көрмесін аралап көргенін, онда Қазақстандағы инновациялық жобалар туралы тікелей ақпарат алғанын жеткізді.

«Сондықтан да менің ойымша бұл екі күннің маңызы зор болды. Бұл бізге де, қонақтарымызға да инновация саласындағы қазіргі проблемаларды талқылауға үлкен мүмкіндік ұсынды. Ең бастысы тез өзгеріп жатқан,шапшаң құбылатын алмағайып заманда АҚШ, Еуропа елдері секілді көптеген индустриялық дамыған елдердің өзі инновацияға одан сайын маңыз бере бастады. Сондықтан да, бұл мәселеде жаңадан туатын инновацияның тұтынушысы кім болады, дегенге көп назар аудару керек секілді. Менің ойымша, әлемде инновациялық индустрия зор прогресспен дами түседі. Сондықтан да, Қазақстанға, қазақстандық инноваторларға сол инновацияның бағытталатын жолына назар аударған ләзім. Бүгінгі күні интернет арқылы кез келген ақпаратты, кез келген жерден алудың жолы бар. Яғни, тек өзінің жергілікті нарығында ғана бәсекеге қабілетті болып қалу оңай шаруа емес. Өйткені, бұндай жағдайда кез келген адам жаһандық желі арқылы да бәсекеге тап болатыны белгілі. Сондықтан да, біз жұмыс істеп жатқан бағыттың барлық істе бәсекеге қабілетті болуға назар аударатын боламыз», - деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы жиынға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, оның маңызы ерекше екендігін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар