Инновациялық автобус Шымкентке келді

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен 2013 жылдың 27 мамыр күні Астана қаласынан шыққан Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің «Инновациялық форсаж» автобусы Шымкент қаласына келді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске салсақ, республикалық ауқымды қамтитын шараның мақсаты - инновациялық бизнес-жоспарлардың байқауы жөнінде халыққа баяндау және насихаттау, әлеуетті қатысушыларды байқауға тарту. Ең бастысы, Инновациялық автобус арқылы өңірлердегі инноваторларға қолдау жасалып, ұнаған бәсекеге түсе алатын жобаларға демеу көрсету көзделеді.

Оңтүстікке ауысқан шара аясында «Инновацияны мемлекеттік қолдау құралдары» атты семинар өткізілді. Семинарда байқауға қатысудың негізгі шарттары, іріктеу кезеңдері мен өлшемдері және биылғы жылы өтінім беру тетігі жеңілдетілгені туралы хабарланды. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, қатысуға ниет білдіргендер байқаудың nif50k.kz сайтында онлайн режимінде өтінім беріп, сол жерде сұрақтарын қоюға және кеңес алу мүмкіндігі бар. Жалпы, «Инновациялық форсаж» бизнес жоспарлар байқауына Оңтүстік Қазақстан облысынан шамамен 60 жоба тапсырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар