«Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Innova Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Innova Gold» қаржы пирамидасының жолын кесті.

Салымшылардың жалпы саны 1300-ден астам адам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталып жатыр.

Ұйымдастырушыға қатысты «2 айға дейін қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - делінген ведомство хабарламасында.

«Innova Gold» қызметінен зардап шеккен азаматтар ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің сенім телефонына немесе аумақтық департаменттерге хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар