Инклюзивті орталық, мейкерспейс пен арт квартал: Павлодар қалай өзгереді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Q88 урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры Алина Әбдірахманова Павлодар қаласының балалар мен жастарға арналған инфрақұрылымын дамыту туралы ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жыл басында қалаларды сапалы жоспарлау Berekeli bastama платформасында талқыланатыны жарияланған еді.

Порталда қаланың әр тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша өз ұсынысын айта алады. Бағдарламаға енді Павлодар қаласы қосылды .

«Инклюзия бойынша жүргізген ауқымды зерттеу аясында ЮНИСЕФ-пен бірлесіп әзірлеген инклюзивті алаң концептісін көрсеткіміз келеді. Бұл алаң әдеттегідей мектеп жасындағы балалар үшін ғана емес, жасөспірімдерді де қамтиды, ересек тұрғындар үшін де қызықты болуы мүмкін», - деді Алина Әбдірахманова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, урбанистер креативті қала құруға баса назар аударған.

Алина Әбдірахманова жастарға демалыс орындары, оның ішінде мейкерспейстер, креативті индустрия орталықтары, музейлер мен комьюнити орталықтар қажет деп есептейді.

«Бізде дәстүрлі музейлер, кітапханалар мен университеттер – кеңестен мұра боп қалған ресми орындар бар. Біз жастар үшін идея ойлап табатын, өз стартаптарын құруға, өзара қарым-қатынас жасауға болатын тартымды орталықтар болғанын қалаймыз. Қалалық іс-шаралар университетте өткізілуі мүмкін. Біз арт квартал құрып, кітапханаларды бизнесті құру, ғылымды дамыту, технологиялық стартаптарды дамыту бойынша әлемдік бестселлерлермен толықтыруды ұсынамыз», - деді урбанистер қауымдастығының атқарушы директоры.

Айта кетейік, жыл басында қалаларды сапалы жоспарлау Berekeli bastama платформасында талқыланатыны жарияланған еді.

Порталда қаланың әр тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныс бере алады.

Жобаларды мамандар ғылыми тұрғыда қарастырып, ең үздіктері дауыс беру үшін порталда жарияланады.


Соңғы жаңалықтар