Ингушетиядағы контртеррористік операция: Екі содырдың көзі жойылды

None
None
МАГАС. ТАСС – ҚазАқпарат – Ингушетия Республикасы Сунженский ауданының Троицкое ауылында контртеррористік операцияны өткізу аумағында қаруланған заңсыз құрылымның екі содыры өлтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Арнайы операция кезінде екеуінің көзі жойылды», - деді агенттікке сұхбат беруші.

«Дереккөз мәліметінше, контртеррористік операция өткізу аумағында әскери қақтығыстың белсенді фазасы аяқталды. Атап өтілгендей, қақтығыс ауыл шетіне жақын, адамдар тұратын жерде болған. Аумақ қоршауға алынды.

Өлтірілген содырлар Ресей аумағында қызметіне тыйым салынған ДАИШ лаңкестік ұйымының жақтаушылары болған», - делінген ТАСС ақпаратында.

Контртеррористік операция режимі жексенбі күні таңертең Ингушетиядағы Сунженский ауданы Троицкое елді мекенінде енгізілген болатын.



Соңғы жаңалықтар