Ингушетия Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндері Көкшетауда аталып өтілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысына Ингушетия Республикасының Қазақстандағы мәдениет күндерінің аясында арнайы делегация келді.

Ингушетия Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бас маманы Руслан Боков бастаған меймандар алдымен курортты Бурабайдың ең әдемі жерлеріне саяхат жасады. Сондай-ақ, Щучье қаласындағы мәдениет үйінде «Ингушетия» халық биі мемлекеттік ансамблінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Одан әрі қонақтар Көкшетау қаласындағы Достық үйінде жергілікті «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстел барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесі сөз болды. Кездесуді ашқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өңірде 100-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілі бейбіт өмір сүріп жатқанын атап өтті.

Әсіресе, ингуштарға өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамытып, насихаттауға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп отырғанына ерекше тоқталды. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық-саяси өмірі мен ұлтаралық достықты нығайтуда жергілікті ингуштердің үлес қосып отырғанын айта келе, облыс аумағында барлығы  4824 ингуш тұратынын айтты.  Бұдан кейін қонақтар Достық үйіне саяхат жасап, осында шоғырланған өзге де қоғамдық бірлестіктердің жұмысымен жақын танысты.

Осы күні «Көкшетау» мәдениет сарайында «Ингушетия» халық биі мемлекеттік ансамблі өздерінің өнерлерін ортаға салып, көкшетаулықтардың зор қошеметіне бөленді.

null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар