Инфляцияны екі есе төмендетуді мақсат етіп отырмыз – Үкімет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов қазіргі Үкімет құрамының жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылы өте қиын жағдайда экономиканың нақты өсімін 3,2%-ға қамтамасыз ете алдық. Тәуелсіз рейтинг расталып, тіпті болжамды жақсарттық. Күрделі және сыртқы геосаяси жағдайларға қарамастан экономикамыз тұрақты дами алды. Инфляциялық өзгерістер болды, биыл оны екі еседен астамға төмендетуді мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатта жұмыс істейтін боламыз», - дейді Үкімет басшысы сайлауда таңдауын жасағаннан кейін тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

БАҚ өкілдерінің жаңа Үкіметті басқаруға дайынсыз ба? деген сауалына:

«Біз әрқашан еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз», - деп қысқа жауап қайырды.

Айта кетсек, Премьер-Министр Әлихан Смайылов елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар