+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Инфляцияны бақылауды күшейту қажет – Ұлттық экономика министрі

2019 жылғы 13 тамыз 09:33
Бөлісіңіз:
Инфляцияны бақылауды күшейту қажет – Ұлттық экономика министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдар қандай мәселелерге назар аудару керектігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк алдағы үш жылда инфляция деңгейі қалай өзгеретінін айтты 2020-2021 жылдары инфляцияның дәлізі 4-6 пайыз болмақ – Руслан Дәленов Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы қымбаттады

«Жалпы осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштердің оң серпіннің сақталғаны байқалады. Ағымдағы үрдістерді ескере отырып, үшінші тоқсанда орталық және жергілікті атқарушы органдарға мынадай аспектілерге баса назар аудару қажет: негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымын барынша пысықтау және инфляцияны бақылауды күшейту», - деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында.

Айта кетсек, бұдан бұрын Руслан Дәленов Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды көрсеткенін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, серпін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен қамтамасыз етіліп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT