Инфляциялық таргеттеу жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді - В. Щукин

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инфляциялық таргеттеу дер кезінде қабылданған шешім болды. Бұл бізге жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен негізгі экспорттаушы компаниялардың басшылары қатысқан кеңесте «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Виктор Щукин осылай деді.

Оның айтуынша, жаңа ақша-несие саясатының арқасында компанияда бүкіл әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы нығая түседі.

«Компанияда бүгінде 7000-нан аса жұмысшы істейді. Енді осы инфляциялық таргеттеудің арқасында компания өзіне тиесілі барлық инвестициялық жобаларды толыққанды жүзеге асыра алады. Сонымен қатар, инфляциялық таргеттеу бізге жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді», - деді В. Щукин

Сонымен қатар, ол Елбасының өндірісті жетілдіріп және оған кетер шығындарды азайту жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқандығын жеткізді.

«Біз бұл тапсырманы орындауға құлшына кірісіп кеттік. Енді 2018 жылдан бастап, «Богатырь Көмір» ЖШС-де көмір өндірудің өзіндік құны 120 теңгеге, ал 2022 жылға қарай 150 теңгеге арзандайды. Бұл компанияны сақтап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп сөзін аяқтады В. Щукин.

Соңғы жаңалықтар