Инфляциялық болжамдар қыркүйекте төмендеді - Данияр Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Инфляция нысаналы дәлізде тұр. Ал инфляциялық болжамдар инфляцияның баяулауынан кейін тұрақтамақ. Бұл жөнінде журналистерге ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін дәстүрлі баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылғы қаңтар-тамыздағы инфляция 2,9% болған. Өткен жылғы осы кезеңде инфляция 3,9% еді. 

«Жылдық инфляция, яғни 2017 жылғы тамыздан бастап осы жылдың тамызы аралығында 6%-ы құрады. 2018 жылға белгіленген дәліз ортасында, яғни 5-7% болды. Біз инфляцияның 2018 жылы нысаналы дәлізде сақталуын күтеміз» - деді Д. Ақышев.

Ол инфляцияның артуы және дәліз шегінен шығу ықтималдығы 2019 жылға болжанғанын айтты. Ол кезеңге инфляцияның неғұрлым төмен дәлізі - 4-6% деп белгіленген.

«Дәліздің 4%-дық мәніне біртіндеп төмендеуі - Ұлттық Банктің орта мерзімді бағдары. Бұл 3 жыл бұрын белгіленген болатын. Ұлттық Банк өз саясатын болжауды арттыру және оған деген сенімді арттыру үшін орта мерзімді бағдарды қарастырмауды дұрыс деп санайды», - деді Д. Ақышев.

Бас банкир жылдық инфляция деңгейін 2020 жылдан кейін 4% мөлшеріне жеткізуге талпынатынын айтты. 

«Сондықтан Ұлттық Банк инфляция бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін ақша-кредит саясатының барлық құралдарын пайдаланады. Біздің сауалнамалар халықтың бір жыл бұрын бағаның күтілетін өсімін бағалауы осы жылдың басындағы 7,1%-дан тамыздағы 5,9%-ға дейін төмендегенін көрсетіп отыр», - деді Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар