«Инфекцияның таралу ошағы залалсыздандырылды» - ҰҚШҰ жаттығулары

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022» оқу-жаттығуы барысында аса қауіпті инфекцияның өршуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмалар орындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған оқу-жаттығу іс-шараларына жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық органдардың қызметкерлері және Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары тартылды.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша ҰҚШҰ-ның Жедел ден қою күштерінің бірлескен операциясы барысында бөлімшелердің бірінде бубон чумасының белгілері бар науқас анықталды. Жұқтырған адам қысқа мерзімде ауруханаға жатқызылып, қажетті биологиялық талдаулар жүргізілді және ауданда арнайы карантиндік режим енгізілді.

РХБҚ күштері мен құралдары жергілікті жерге биологиялық барлау жасап, әскери лагерь объектілеріне, іргелес аумаққа, кірме жолдарға, жеке құрам мен әскери техникаға санитарлық өңдеу жүргізді. Әскери полиция бөлімшесі карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге, оның ішінде өткізу режимін ұйымдастыруға және аумақты қоршауға жұмылдырылды.

ҰҚШҰ жаттығуларында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және медициналық қамтамасыз ету біріккен бөлімшесі алғаш рет құрылғанын атап өткен жөн. Бөлімше жергілікті жерге биологиялық барлау жүргізуге, биологиялық сынамаларды талдауға, жеке құрамды санитариялық өңдеуге, әскери техника және үй-жайларды дезинфекциялауға қажетті техникамен жарақтандырылған.


Фото: gov.kz





Соңғы жаңалықтар