Инфекциялық төсектердің жүктелімі жоғары өңірлер белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой инфекциялық төсек орынның жүктемесі азаймай тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 тамыздағы жағдай бойынша Қазастанда 474 851 науқаста коронавирус расталды. 67 870 науқастан вирус белгісінсіз ауру тіркелді. Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта. Соңғы екі апта бойында Қазақстанда коронавирус инфекиясының біртіндеп төмендеуі байқалып отыр. Соңғы екі аптада ауру жұқтыру деңгейі 10 пайыз төмендеді. 1 тамыздан бастап аурудың таралу индексі республика көлемінде 2,1 есеге – 1,11-ден 0,93-қа түсті», - деген министр инфекциялық төсектердің жүктелімі де азая бастағанын атап өтті.

«Инфекциялық төсектердің жүктелімі 49 пайызды, реанимациялық төсектердің жүктелімі 46 пайызды құрап отыр. Соңғы екі аптада инфекциялық төсектердің жүктелімі 12 пайыз төмендеді. Төсектердің жоғары жүктелімі Ақтөбе облысында (68 пайыз), Алматы қаласында (61 пайыз), Алматы облысында (59 пайыз) тіркеліп отыр», - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол Үкімет отырысында күздегі эпидахуалдың үш сценарийдегі ықтимал болжамын айтты.

«Министрлік қараша айына дейінгі эпидемиологиялық болжамды жаңартты. Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында 6 300 жағдайға, қазан айында 2400 жағдай жетеді. Шынайы сценарий бойынша қыркүйекте 5 400 жағдайға, қазанда 1 800 жағдайға жетеді. Оптимистік сценарий жағдайында қыркүйекте 4 200 жағдайға, қазанда 1 300 жағдайға жетеді», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар