Инфекциялық аурулармен күреске арналған алғашқы конгресс өз жұмысын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» атты алғашқы қазақстандық конгресс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері Орталық Азия елдеріндегі вирустық және паразитарлық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай мәселелерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде вакцинациялау мен иммундық профилактиканың маңыздылығын талқылауда.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығынан мәлім еткендей, конгреске Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (СDC) ғылыми қызметкерлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Франция, Италия, Израильден келген жетекші ғалымдар қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Қазақстанда халықтың денсаулығына биологиялық қауіптің тигізетін ықпалын төмендету мақсатында үлкен іс-шаралар кешені жүргізілетіндігін атап өтті. 90-нан астам инфекциялық ауруға эпидемиологиялық қадағалау жасаудың жоғарысезгіштік жүйесі енгізілді, еліміздің зертханаларында диагностикалық құрал-жабдықтар паркі үнемі жаңартылып отырады.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Руслан Сатывалдеевтің айтуынша, инфекциялық аурулармен тиімді күресу үшін бір ғана медицинаның күші жеткіліксіз: білім, ғылым және практиканың, медициналық, ветеринарлық ғылымның, сондай-ақ әлеуметтік қорғау қызметінің, психиология және отбасының бірлесуі керек. Салауатты өмір салтына бейілділікті қалыптастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу туралы ақпараттылықты арттыру маңызды рөл атқарады.

Ресейдің бас эпидемиологы Николай Брико өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құралы ретінде өмірлік вакцинопрофилактиканы қолдану тәжірибесімен бөлісті: «Вакцинопрофилактика міндеттері айтарлықтай кеңейтілді: ол дегеніміз тек аурулардың алдын алу, сырқаттанушылықты және мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және белсенді ұзақ өмірді қамтамасыз ету болып табылады», - деді Николай Брико.

Конференция барысында инфекциялық аурулардың алдын алу саласындағы жаңа өңдеулер, сондай-ақ тұмау, ЖРВИ, нейроинфекциялар мен пневмония, ішек, зоонозды, тропикалық инфекциялар, паразитарлық аурулар, вирустық гепатиттер, АИТВ/ЖИТС және басқалар сияқты халық арасында қоғамдық денсаулықты қорғауға ықпал ететін инфекциялардың таралуы бойынша өсімнің басты себептері талқыланды.

Конгресс 13 қыркүйекке дейін созылады және резолюцияға қол қоюмен аяқталады.

Шараны Санофи компаниясының қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана медицина университеті және Инфекционист дәрігерлер қоғамы ұйымдастырды.



Соңғы жаңалықтар