Индустрияландыруға қатысты барлық шаралар тиісінше заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс ‑ О. Мұхамеджанов

None
None
күйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Индустрияландыруға қатысты барлық шаралар тиісінше заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс.

 Бүгін Парламент Мәжілісінің үшінші сессия барысындағы алғашқы отырысында палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төртінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясының ашылуы барысында Мемлекет басшысы депутаттар корпусының өткен сессиядағы еңбегін жоғары бағалады. Шынында да өз сайлаушыларымызбен кездесу барысында олардың Парламент қабылдаған шаралардың оң нәтижесін сезінгенін көрдік. Экономикалық құлдыраудың келеңсіз үдерісін жеңіп, бұл саланың түрлі секторындағы жағдайды жақсарта алдық. Қаржы жүйесі тұрақтандырылып, әлеуметтік сала нығайтылды. Осы орайда мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері түгелдей орындалып келе жатқанын айта кету керек. Сонымен бірге, Елбасы Парламент пен «Нұр Отан» партиясының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Дағдарыстан кейінгі кезеңде елді индустрияландыруға балама жол жоқ екені белгілі. Қазақстан экономикасын индустрияландыру мен дамыту жөніндегі барлық шаралар тиісінше заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс», деді Мәжіліс Төрағасы.

Сонымен бірге О. Мұхамеджанов  Мемлекет басшысы тапсырған жедел басымдықпен қаралатын заңдарға жеке‑жеке тоқтала келе, бұл мақсатта халық қалаулыларының белсенді жұмыс істеуі күтілетінін атап өтті. «Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа құқықтық саясат негізінде қазақстандық заңнаманы жаңарту, заң шығару үдерісін нығайтып, оның сапасын арттыру міндеттері қойылды. Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған заң жобалары мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекс жобаларымен жұмысты жүзеге асыру қажет», деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар