+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Индустрияландырудың жаңа 5 жылдық бағдарламасы қабылданады

2019 жылғы 3 қыркүйек 11:34
Бөлісіңіз:
Индустрияландырудың жаңа 5 жылдық бағдарламасы қабылданады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың соңына дейін индустрияландырудың жаңа 5 жылдық бағдарламасы қабылданады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Жыл соңына дейін Индустрияландырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде еңбек өнімділігін 1,7 есе нақты өсуі, өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемінің 2,3 есе өсуі, негізгі капиталға инвестициялар 2,3 есе өсуі болады. Бағдарлама аясында біз экспортқа бағытталған индустрияландыруды дамытуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізуге баса назар аударамыз», - деді вице-премьер бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол биылғы жылы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған теңдессіз шаралар қабылданғанын айтты.

«Қарапайым заттар» экономикасы бағдарламасы аясында 600 млрд теңге бөлінді. Соның 450 млрд теңге инвестициялық мақсаттарға бағытталатын болады. Қалған 150 млрд теңге несиені арзандатуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті дамытуға бағытталады», - деді ол Жеңіс Қасымбек.

Туризмді дамыту мәселесіне де тоқталған вице-премьердің айтуынша, осы жылдың мамырында «Туристік қызметті дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған. Алғашқы 10 бағыт анықталған. Олардың аясында инфрақұрылым, кәсіптік білім берудің халықаралық туристік институтын құру мәселелері қаралған. Жалпы туризмді дамыту мәселесі Үкіметтің назарында тұр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT