+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленеді - Жеңіс Қасымбек

2018 жылғы 13 ақпан 13:14
Бөлісіңіз:
Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленеді - Жеңіс Қасымбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, өнеркәсіптік дамудың келесі кезеңі - Индустрия 4.0 элементтерін енгізу арқылы технологиялық дамудың жаңа сапалы деңгейіне өту. Өткен жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілген цифрлық технологияларды енгізу үшін экожүйе құруға бағытталған негізгі өнеркәсіп салаларын техникалық қайта жарақтандыру шаралары әзірленді. Ағымдағы жылы 7 модельдік цифрлық фабрикамен жұмыс басталады. Бұған қоса, 14 кәсіпорында Индустрия 4,0 технологияларын енгізу жобалары қолға алынады. Оның үшеуі ағымдағы жылы аяқталуы тиіс.

«Сондай-ақ, биыл цифрландыруды ынталандыруға қатысты кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарауды жоспарлап отырмыз. Инновациялық құрамдас және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы тұжырымдамасы әзірленеді», - деді министр.

Жалпы, Жеңіс Қасымбектің сөзіне қарағанда жоспарланған іс-шараларды іске асыру 2018 жылы өңделген экспорттың құндық өсімін 10,3, өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігін 6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталының 1 трлн теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Фото: primeminister.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT