Индустрияландыруда бағыт-бағдар айқын болғандықтан, жұмыс та жүйелі жүргізілуде

None
None
АНА. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат/ Руслан Ғаббасов/ -Елімізді индустрияландырудың  жаңа Президенттік бағдарламасы іске қосылып, дағдарыс жағдайында отандық өндірісті қолдау үшін күн тәртібіне қазақстандық мөлшер мәселесі шықты. Аталған екі бастама да экономиканы дамыту ісіне тың серпін болып қосылғаны анық.

 ҚазАқпарат тілшісі «Жол картасы» аясында атқарылып жатқан осы жұмыстардың барысы турасында  Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбековпен арадағы сұхбатты назарға тартады.

-Еділ Құламқадырұлы, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мәселесі үлкен басымдыққа ие болып отыр. Бүгінде осы елеулі бастаманы жүзеге асырудың қарқыны қалай?

 - Ұлттық экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекелестік қабілетті арттыру жөніндегі табысты үдеріс индустриялық-инновациялық саясатты дәйекті іске асыруға байланысты болып отыр. Ең алдымен барлық назар әлемдік экономиканың дамуының қазіргі заманғы жағдайына сәйкес келетін инновациялық индустрияландыруға түсетінін атап өту қажет.

Қазіргі уақытта, инновациялық индустрияландыру міндеттерін орындау үшін мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыру қажет жеті бағыт айқындалған. Бұл - АӨК және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, таза энергетиканы дамытуды қоса алғанда, энергетика, құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын шығару, мұнай-газ өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, металлургия және дайын металл өнімдерін дамыту, химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі, көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылым.

Алға қойылған міндеттерге сәйкес Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы әзірленуде, оған өңірлердің ресурстық базасын және инфрақұрылымды дамытумен бірге өндірістік қуаттылықтарды ұтымды орналастыру кестесі енгізілетін болады.

 Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың І кезеңі (2005-2007 жылдар) өтті. Ұлттық инновациялық қорды, Ғылым қорын, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын, 8 өңірлік технопарктерді, 11 отандық және шетелдік венчурлік қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылды.

2009 жылғы 1 наурыздағы жай-күй бойынша мынадай қаржы институттары «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ы, «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ы, «Қазақстанның Ұлттық Инновациялық қоры» АҚ-ы өздерінің қызметі кезеңінде даму институттарының 423 млрд.теңге көлеміндегі (3,5 млрд.доллар) қатысу үлесімен жалпы сомасы 1138,860 млрд.теңгенің (9,5 млрд. доллардың) 198 инвестициялық жобасы мақұлданды.

Даму институттарының 260 млрд.теңге  (2,2 млрд.доллар) қатысу үлесімен жалпы сомасы 580 млрд.теңгенің (4,8 млрд.доллар) 127 инвестициялық жобасын қаржыландыру жалғасуда.

Қазіргі күні даму институттарының қатысумен 66 млрд.теңгедегі (0,55 млрд.доллар) жалпы сомасы 123,8 млрд. теңгенің (1,03 млрд.доллар) 59 объектісі пайдалануға берілді.

 Қазақстанның инновациялық өнімінің құрылымында жетілдіруге ұшырайтын өнім елеулі үлеске (64 % астам) ие болып отыр. Қайта енгізілген немесе елеулі технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімнің үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінен 28,6 пайыз келеді.

 Инновацияларды енгізу дағдарысқа қарсы құрал бола алатын және Үкіметтің алдына қойылған міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін кезеңде Министрлік шағын инновациялық кәсіпорындарды құру, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларда қазақстандық мөлшерді ұлғайту, сондай-ақ кадрларды даярлау және қайта даярлау арқылы елдің зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға ниетті.

Қазақстандық мөлшерді дамыту процесін құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірнеше  нормативтік құқықтық актілері қабылданды. Бұдан өзге, экономиканың қазіргі бәсекеге қабілетті секторларын сақтау және жетілдіру, ғылым мен инновацияларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, инновация саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін дамыту, өңірлік технопарктер мен бизнес-инкубаторларға негізделген қазіргі инфрақұрылымды күшейту, сондай-ақ, технологиялар трансферті және тиісті қызметтерді көрсету жөніндегі бағыттарды күшейту мақсатымен отандық инновациялық қызметтің басымдықтарын түзетуге бағытталған іс-шаралар іске асырылатын болады.

 Заңнама базасын жетілдіру шеңберінде заңды тұлғалардың, атап айтқанда, қызметі әртүрлі бағыттардағы инновациялық саланы дамытуға бағытталған даму институттарының мүдделерін қорғайтын нормалар көзделген «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» қолданыстағы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен қағидаттары, бағыттары мен нысандары да айқындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілетін және республикалық бюджеттің қаражатынан қаржыландырылатын инновациялық даму шараларының кешенін қалыптастыру арқылы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру осы Заңның тағы бір сипатты ерекшелігі болып табылады. Аталған шаралар кешенін инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және инновациялық даму институттары іске асырады.

  - Биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша қазақстандық мөлшерді арттыру тұрғысындағы атқарылған жұмыстар жақсы бағаланып отыр. Осы орайда бұл бағыттағы жетістіктерге тоқталып өтсеңіз?

- Қазақстандық өндірісті дамытуға жәрдем көрсету және жергілікті ресурстарды барынша пайдалану мақсатында Үкімет үлкен жұмысты, оның ішінде, мынадай жедел шараларды жүргізді. Отандық тауар өндірушілерден, тауарлар мен қызметтерді жеткізуші мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардан тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Үкімет енгізген экономиканы «қолмен басқару» режимінің бірі болып табылатыны мәлім. Аталған міндеттерді орындау мақсатында Үкімет  облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды қамти отырып, көшпелі кеңестер өткізілді, жұмыс қорытындысы бойынша меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қойылды.

Мәселен, 2009 жылғы 1 тамыздағы жай-күй бойынша жалпы сомасы 781 млрд. 683 млн.887 мың теңгеге 79734 меморандум және жалпы сомасы 617 млрд. 385 млн. 356 мың теңгеге 7081 келісім-шарт жасалды. Индустрия және сауда министрлігі саясатты жалпы үйлестіруді және заңнама базасын әзірлеуді жүзеге асырады, жүйе құрайтын кәсіпорындармен жұмыс істейді, Қаржы министрлігі барлық мемлекеттік сатып алуларға жауап береді, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдаланушыларға және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» ұлттық компаниялар мен мемлекеттік холдингтерге жауап береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар жүргізетін сатып алуларда отандық үлеске  жүргізілген талдау қазақстандық үлесті арттыруды кідіртетін факторларды анықтады.

Қазіргі күні, Министрліктің алдында мынадай міндеттер тұр. Біріншісі - отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау. Бүгінгі күні әкелінетін тауарларға (жинақтаушылар, агрегаттар тораптары және т.б.) тарифтерді арттыру жолымен кеден-тарифтік саясатты реттеу отандық тауарды қорғау шараларының бірі болып табылады. Сондай-ақ 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге қол қойылған меморандумдар бойынша ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау қажет. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс жоспарлануда. Отандық тауарларды өндірушілердің, жұмыстарды және қызметтерді көрсетушілердің бірыңғай тізілімі құрылатын болады және сатып алушылар мен отандық өндірушілер арасындағы болжамды ынтымақтастықты анықтау жүйесі құрылады. Бұдан әрі барлық мүдделі субъектілердің сатып алуларын тек осы Тізілімнен жүзеге асыру қажет. Шетелдік тауарлар, жұмыстар және қызметтер осы Тізілімде болмаған жағдайда ғана сатып алынатын болады.

      -Жақында Елбасы қазақстандық мөлшер бойынша еліміздегі өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарының өнімі сапа жағынан жоғары бағалануы тиіс екендігін қадап айтты. Енді осы сапа мәселесі мен қазақстандық мөлшерді бұдан әрі жетілдіруде бүгінде қандай жоспарлар белгіленіп отыр?

 -Орта мерзімді кезеңге арналған қазақстандық мөлшерді дамытудың әзірленген бағдарламасы мемлекеттік және жеке сектордағы ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту; халықтың, мемлекеттің және жеке сектор субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімді өндірудің тиімділігін арттыру; тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді отандық өндірушілерді ынталандыру және бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды ұлғайту арқылы шикізаттық емес сектордағы отандық өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған. Осы барлық міндеттерге мына төмендегі төрт бағыт бойынша қол жеткізу жоспарлануда.

Бірінші -  мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және жүйе құраушы кәсіпорындардың қазқстандық қамтудағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуын міндетті жүзеге асыру. Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылардың және жүйе құраушы кәсіпорындардың отандық тауар өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу арқылы мемлекеттік қолдау шараларын қолдану Қазақстандық өнімнің бәсекелестік қабілетін ұлғайту үшін міндетті шарт болып табылады.  Екінші -  жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту жолымен шығарылатын тауарлардың сапасын жақсарту. Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық өнімнің бәсекелестік қабілетіне елеулі әсер ететін негізгі қорларды жаңғырту және жаңарту саласындағ қиындықтар бар. Негізгі қорларды жаңарту және техникалық қайта жарақтандыру мемлекеттік индустриялық саясаттың басымдығы болуы тиіс, өйткені еңбек өнімділігін арттыру негізгі қорлардың жай-күйіне тікелей тәуелді.

Үшінші -жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту. Қазіргі күні Қазақстан Республикасының аумағында талап етілетін жұмыстар мен қызметтерді отандық жеткізушілердің беруі және тауарлар өндірісінің болмауы қазақстандық мөлшердің негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің осы тобы бойынша өндірістің қажеттілігін, мүмкіндігін және орындылығын ескере отырып, басымды номенклатураны айқындау қажет. Осыған орай, қажеттіліктердің жүйелік мониторингін, сатып алынатын тауарлар құрылымының салыстырмалы талдауын және Қазақстан Республикасындағы ұсыныстарды жүргізу қажет.

Және соңғы, төртінші бағыт - халықтың білім алу және ғылыми әлеуетін (кадр саясаты) дамыту. Халықаралық және өзіндік жинақталған тәжірибе экономиканы көтеру негіздерінің бірі елдің кадр әлеуеті болып табылатынын көрсетеді. Сондықтан, мемлекет үшін халықтың білім алу және ғылыми әлеуметін дамыту және ұлғайту бірінші кезектегі міндет болып табылады.  

Қазақстандық мөлшерді ұлғайту бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру шеңберінде мыналар болжануда:  

 -жаңа, импорт ауыстыру басымдықтары айқындалған шеңберде перспективалық инвестициялық жобалар конкурсын өткізу, қазіргі импорт алмастыратын өндірістер көлемдерін ұлғайту;

-іріктеу өлшемдерінің сәйкестігіне жобаларды бағалау: Бағдарлама басымдықтарына жобаның сәйкестігі ұзақ мерзімді ішкі сұраныстың болуын негіздеу, рентабелділік, өндірісті ұйымдастыру үшін шикізаттың/жинақтаушылардың болуы (импорттың қажеттілігі жағдайында отандық шикізатқа/жинақтаушыларға кезең-кезеңдік көшу жоспары берілуі тиіс);

         Бағдарламаның екінші кезеңінде осы жобаларды қаржыландыру бөлігінде жобаларды іске асыру жоспарлануда, оның ішінде, жеңілдік кредиттерді беру; кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;  жерді, құрылысты сатып алу, қазіргі заманғы жабдықты сатып алу және т.б. үшін қажет нысаналы демеу қаржылар мен субсидиялар.

  Мысал үшін келтіре кетейік, Қазақстан Республикасының 2009-2010 жылдарға арналған мұнайгаз машина жасау саласын дамытуға жәрдемдесу бағдарламасының шеңберінде «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ компаниялар тобы Қазақстан Республикасының 32 өнеркәсіптік кәсіпорындарында мұнайгаз жабдығын жеткізуге тапсырыстарды орналастыруды жоспарлады. Тапсырыс орналастыру  көзделген кәсіпорындардың қатарында  «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» АҚ, «Өскемен арматура зауыты» АҚ,  «КЭМОНТ» АҚ, «ФорматМашКомпани» ЖШС-і, «KSP Steel» ЖШС-і,  «Қазэнергокабель» АҚ бар.

Сонымен тұтастай алғанда, Үкімет жоспарлы негізде импорт алмастыратын өнімді өндірудің басым бағыттарын қолдауға мемлекеттің саясатын қайта бағыттау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар