ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ: ҚХР банкінің инвестициялары Қазақстан жолдарын қалпына келтіруді қаржыландыруға қатысады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қазақстанда 2020 жылға дейін 7 мыңнан астам шақырым автомобиль жолдарын қалпына келтіріп, жөндеу үшін 2,4 трлн. теңге бөлінеді.

Қазақстандық көлік жолдарын қалпына келтіру жобасының инвесторларының арасында ҚХР-ның Эксимбанкі де бар. Онымен Талдықорған-Өскемен, Қалбатау-Майқапшағай және Меркі-Бурылбайтал-Ақсүйек күре жолдарын қалпына келтіру үшін қаржыландыру меморандумына қол қойылған.

Барлық жобалар бойынша биылғы жылы техникалық-экономикалық негіздеме жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстарын 2016 жылы бастау жоспарлануда. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев таяуда сөйлеген сөзінде Қазақстандағы жол құрылысы ел экономикасын дамытудың драйвері болатынын атап өткен еді. «Өз қолдауын Қытай Халық Республикасы да көрсетеді, себебі біздің еліміз «Жібек жолының экономикалық белдеуіне» енгізіліп отыр», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Еске сала кетейік, 22 маусымнан бастап «Индустрияландыру аптасының» аясында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифингтер мен баспасөз мәслихаттары өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар