Индустрияландыру картасындағы жобалар саны 609-ға дейін артады

None
None
ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып,

Индустрияландыру картасындағы жобаларды өзекті ете түсудің кезекті жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жаңартылғаннан кейін Картада 9,6 трлн. теңгені құрайтын 609 жоба қамтылатыны жоспарланған. Бұл жобалы құрылыстарды жүзеге асыру барысында 205 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылатыны көзделсе, болжам бойынша жобалар қолданысқа берілген соң 179 мың жұмыс орны ашылатыны күтілген.

Бүгінгі күні 900 млрд. теңгені құрайтын 234 индустриялық жобамен жұмыс басталды. Оның ішінде жыл басынан бері 120 млрд. теңгенің 82 индустриялық жобасы жүзеге асты. 29 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Баспасөз қызметінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың соңына дейін 100-ден астам жобаларды іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, бұлардың арасында Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-і («Самұрық-Энерго»), Жетіген - Қорғас т/ж желісі («Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ), Астана қаласында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару секілді ірі жобалар бар.

Соңғы жаңалықтар