Индустрияландыру картасы: Биыл 112 жоба іске қосылады
2021 жылғы 16 ақпан 10:27

Индустрияландыру картасы: Биыл 112 жоба іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрылыс материалдары өндірісінде өсім болды. Бұл туралы Үкімет отырысында қаңтар айындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс материалдары өндірісі 111,8 пайыз болды. Оған портланд-цемент, гипс, силикат және басқа да кірпіштер, құрылыс ерітінділері өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 1,2 трлн теңге болады деп жоспарланған. Бұл ретте еңбек өнімділігі 5,6 пайызға өсуі тиіс.

«Индустрияландыру картасы аясында биыл жалпы сомасы 1,93 трлн теңгеге 112 жобаны іске қосу жоспарланған. 13,4 мың жұмыс орны ашылады», - деді Б. Атамқұлов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Б. Атамқұлов 2021 жылдың қаңтар айында еліміздің өңдеу өнеркәсібінде оң үрдіс сақталғанын айтты.

Түсті металлургияда да оң динамика байқалды. Өсім 106,6 пайыз болды. Оған тазартылған алтын, тазартылған күміс, құйма алтын, түйіршік күміс, катодты мыстың және басқа да көрсеткіштердің өсімі есебінен қол жеткізілді



Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT