Индустрияландыру картасы аясында 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды - Б.Сағынтаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Бірінші вице-премьер өз сөзінде Индустриаландыру картасы аясында жалпы сомасы 800 млрд. теңгені құрайтын 120 жобаның жүзеге асырылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылғанын атап өтті.

«Аталған жобалардың ішінен Павлодар облысындағы Бозшакөл тау-кен комбинатын, Атырау облысындағы полимер өнімдері өндірісін, Алматы облысындағы алюминий профилдері өндірісін, сонымен қатар Алматы мен Қарағанды облыстарындағы фармацевтикалық зауыттарды атап өтуге болады», - деді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар