Индустрияландыру картасы: Атырауда 817 млрд теңгенің екі жобасы іске қосылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырауда Индустрияландыру картасы аясында жалпықұны 817 млрд теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тұрғындар алдында есеп беруі кезінде белгілі болды.

«Былтыр Индустрияландыру картасы аясында 7 жоба іске қосылып, 580 жұмыс орны ашылды. Сондай жобалардың қатарында «Доктор Хаус» ЖШС-нің медициналық бетперде шығару өндірісі, «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құс етін өндіретін фабрикасы мен «Бест Модуль» ЖШС-нің металдан модульдік ғимарат жасау цехы бар» -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, енді биыл жалпы құны 817 млрд теңгені құрайтын 2 жобаны іске қосу

жоспарланып отыр. Бұл жобалар бойынша 570 жұмыс орны ашылады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Индустрияландыру картасымен Атырау облысында бройлер етін өндіретін кешен іске қосылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар