Индустрияландыру: БҚО-да биыл 44,6 млрд. теңгеге үш жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында Батыс Қазақстан облысында биыл 44,6 млрд. теңгені құрайтын үш жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, осы жобалар іске қосылғанда, 138 жұмыс орны ашылады. Атап айтқанда, өңірдің сапалы автокөлік бензиніне сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін «Конденсат» АҚ-ның экологиялық сыныбы «Еуро-5»-ке сәйкес келетін моторлы отын өндірісі (жоба құны - 29,5 млрд. теңге, 28 жұмыс орны), «B.N WesternMunaiGasLtd» ЖШС-ның жылына 200 мың тонна мұнай өңдейтін зауытын кеңейту (900 млн. теңге, 40 жұмыс орны) және «Батыс Пауэр» ЖШС-ның Зеленов ауданы Белес ауылында қуаты 200 МВт газтурбиналық электр стансасының (ГТЭС) бірінші кезеңі (14,2 млрд. теңге, 70 жұмыс орны). Облыстың электр қуатына қажетін өтеумен бірге Ресей Федерациясының көршілес аймақтарына өнімді экспортқа шығару мақсатында қолға алынған ГТЭС-тің екінші кезеңін 2018 жылға қарай іске қосу көзделуде.

Айта кетейік, 2014 жылы облыста 6,5 млрд. теңгенің үш жобасы (643 жұмыс орны) жүзеге асырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар