+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Индустрияландыру аясында машина жасау саласында 114 жоба іске асты - министр

2019 жылғы 12 қыркүйек 11:14
Бөлісіңіз:
Индустрияландыру аясында машина жасау саласында 114 жоба іске асты - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Hyundai компаниясымен бірге автокөлік шығару жобасы қолға алынды.

Ұқсас жаңалықтар
Рудный кәсіпорындары экспорт көлемін ұлғайтпақ Қазақстан А деңгейіндегі кредиттік рейтингке кіру үшін не істеу керек Топ-30 экономикасына кіру үшін жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі қажет- Руслан Дәленов

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Машина жасау саласында ашылған бір жұмыс орны ілеспе салаларда 5-6 жұмыс орнын ашады. Индустрияландыру бағдарламасы қолға алынғаннан бері машина жасау саласында 114 жоба іске асты. Саланы ынталандыру үшін Үкімет қосымша құн салығы бойынша жеңілдіктер беріп, жеңілдетілген несие, лизинг, экспорттық қолдау шараларын ұсынып отыр. «Өндірістік кооперация» бағдарламасы қолға алынды. Осының арқасында отандық машина жасау өнеркәсібіне «Глобал-2000» тізіміне енетін Alstom, General Electric, СМС, Jac-Motors, Hyundai сияқты ірі трансұлттық корпорациялармен әріптестік орнады», - деген министр экспорт аясын арттыру үшін әлемдік бренд өндірудің алғашқы қадамдары жасалып жатқанын атады.

«Экспортқа шығаратын өнім аясы кеңіп келеді. Біз қосымша құнның ғаламдық тізбегіне сәтті ене бастадық. Сәуір айында коперациялық байланыстырды дамыту үшін Ресей мен Қазақстан арасында бірлескен әрекеттер жоспары қабылданды. Осы айда Hyundai автомиобильдерін шығаратын Қазақстандағы тұңғыш зауыт іргесін қалады. Қытаймен серіктестік аясында көлік дөңгелектері мен қозғалтқыштарын жасайтын зауытты іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде машина жасау салаларының арасында автомобиль өндірісі көш бастап тұр. Бұл сөзсіз қуанарлық жайт. Бүгінде бізде автокөліктің барлық санаты өндіріледі. Елімізде 167 автомобиль моделі құрастырылады. Оның ішінде 39 жеңіл көлік моделі, 22 әлемдік бренд шығарылады. Инудстрияландырудың екі бесжылдығында ірі желілік құрастырудан ұсақ желілік құрастыру деңгейіне шықтық. 2010 жылдан бері өндіріс көлемі 8 есе артып, 4000 данадан 32 мың данаға жетті. Автоөндірістің машина жасау саласындағы үлесі 19 пайызды құрап отыр. Биыл да осындай өсім деңгейі сақталатын түрі бар. Қазірдің өзінде 56 пайыз өсімге қол жеткізілді», -деді Роман Скляр.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT