Индустрияландыру: Ақмола облысында 4 ірі жоба іске асырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2018 жылы жалпы құны 52 милииард теңге есептелген 4 жоба іске асырылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жылдағы дәстүр бойынша өткізген тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, 9 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасының шеңберінде 306,5 миллиард теңгеге 83 жоба іске асырылды, оның ішінде жоғары қосылған құнымен - 45, экспортқа бағдарланғаны - 27,9 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«2018 жылы 52 млрд теңгеге бағаланған 4 жоба іске асырылып, 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Іске асырылған жобалар, өнеркәсіп өндірісі көлемінің тұрақты өсуі үшін маңызды рөл атқарды. 2018 жылы іске қосылған объектілердің есебінен жалпы көлемнен 54,6 пайыз өнеркәсіп өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі - 62,7 пайыз болды», деді М.Мырзалин.

Сонымен қатар, аймақ басшысы 2018 жылы индустриялық-инновациялық жобалардан басқа 3,6 миллиард теңгеге 16 инвестициялық жобалар іске қосылғанын атап өтті.

«Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 50 миллиард теңге сомасына (1200 жаңа жұмыс орны) 9 жобаны, бағдарламадан тыс 18,5 миллиард теңгеге 22 жобаны іске асыру жалғасуда», деді М.Мырзалин.

null

Соңғы жаңалықтар