Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде инвестициялар бойынша арнайы комитеттің жұмысын күшейту шаралары жүргізілуде

None
None
sp;АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі кезде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде инвестициялар бойынша арнайы комитеттің жұмысын күшейту шаралары жүргізілуде .Бұл туралы бүгін Астанада исламдық қаржыландыру тұрғысында өтіп жатқан конференцияда вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қазіргі кезде инвесторлармен жұмыстар бойынша арнайы комитетті күшейту шаралары жүргізілуде. Ол жедел түрдегі әріптестеріңіз, әрі көмекшілеріңіз және кеңесшілеріңіз болады», деп атап өтті Ә. Исекешев исламдық қаржыландыру жүйесінің өкілдеріне қаратып айтқан сөзінде.

Осы тұрғыда ведомство басшысы исламдық қаржыландыру жүйесінің өкілдерін Қазақстанның индустриялық дамуына арналған 5 жылдық бағдарламасына қатысуға шақырды

«Біз Сіздердің жаңа бизнестік және инвестициялық бастамаларыңызға, сондай-ақ бүгінгі келіссөздер жаңа идеялар мен жобаларға бастайтынына сенім артамыз»,-деді министр.

Соңғы жаңалықтар