Индустрия министрлігі жол жөндеу конкурстарына қатысты түсінік берді

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жол құрылысы саласындағы конкурстар жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл жалпы пайдаланудағы автожол жобаларын жөндеуге бөлінген қаражат есебінен 198 конкурс өткізу жоспарланған. Осы орайда республикалық желіде 70 конкурс (реконструкция – 11, жөндеу – 59), жергілікті желіде 128 конкурс (құрылыс және реконструкция – 23, жөндеу – 105) қамтылған», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Қазіргі кезде жалпы жоспарланған жобаларда мемлекеттік сатып алу қортындысы бойынша 151 конкурс өткізілді (немесе 76%). Бұл тұрғыда республикалық желіде 53 конкурс (реконструкция – 11, жөндеу – 42); жергілікті желіде 98 конкурс (құрылыс және реконструкция – 22, жөндеу – 76) жүргізілді.

«Қазіргі кезде қалған 47 конкурс бойынша тиісті рәсімдер жүргізу жұмыстары іске асырылып жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін барлық конкурс жұмыстары аяқталып, жобаны іске асыру жұмыстары 2023 жылы басталады», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жарты жылдан бері жол жөндеуге бөлінген қаражаттың 44 пайызына мемлекеттік сатып алу қорытындысы жасалмағанын сынға алған еді.


Соңғы жаңалықтар