Индустрия министрлігі «АЗИЯ АВТО» компаниясына қатысты мәлімдеме таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі АЗИЯ АВТО-ға қатысты ресми мәлімдеде таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік «АЗИЯ АВТО» басшылығы өз міндеттемелерін орындамағанын және қоғамды жаңылыстырып отырғанын айтты.

«АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы қоғамдық пікірді бұрмалау мақсатында кезекті рет негізсіз және шындыққа жанаспайтын фактілері бар ақпарат таратып жатыр,-деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұған дейін де аталған кәсіпорын басшылығы тарапынан жасалып жатқан ақпараттық арандатуға сенбеуге шақырған үндеу жасаған еді.

«ҚР ИИДМ және «Азия Авто» АҚ арасында жасалған 2017 жылғы 7 сәуірдегі Өнеркәсіптік жинастыру туралы келісім және 2019 жылғы 4 қарашадағы №1 Қосымша келісім Нұр-Сұлтан қаласындағы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2020 жылғы 24 тамыздағы №7119-20-00-2/6894 шешімімен күшін жойып, Холдинг тарапынан міндеттемелерін орындамағаны үшін бұзылды. Мемлекеттік преференциялардың болмауы кәсіпорынның ағымдағы өндірісіне және жұмыс үдерісіне еш әсер етпейді. Келісімнің бұзылуы Холдинг басшылығын бұған дейін өздеріне алған міндеттемелерін орындауға ынтыландыру үшін жасалды. Компания құрылған сәттен бастап 18 жыл бойы өндірісіне қолдау көрсетіліп келді. Бірақ, өндірісті модернизациялау және қазақстандық мазмұн деңгейін арттыру жөніндегі келісімде көзделген міндеттемелерін орындамады», - деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік инвестициялық преференциялар бағытталған жаңа өнеркәсіптік қуаттылығының құрылысы аяқталса, компания жаңа келісім жасасу туралы өтінім бере алады.

«Мұндай жағдайда ҚР ИИДМ мемлекеттік преференциялар ұсынуды қайта жандандыру туралы мәселені қарастыруға дайын»,-деді Комитет төрағасы.

ҚР ИИДМ «АЗИЯ АВТО» ұжымын сабырлық сақтап, кәсіпорын басшылығы тарапынан жасалатын үрей мен қысымға бой бермей, негізсіз жұмыстан босатқан жағдайдақызметкерлерді жұмыстан босату фактілерініңзаңдылығын тексерту үшін ҚР Мемлекеттік еңбек инспекциясына хабарласуға шақырады.

ҚР ИИДМ сондай-ақ жұртшылықты Холдинг басшылығының ақпараттық арандату әрекеттеріне ермеуге және отандық машина жасау саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатқа сенімді жою мақсатында жарияланатын жалған ақпаратты таратпауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар