Индустрия министрі Қазақстанда Toyota зауытын ашу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев отандық автоөнеркәсіп нарығындағы тапшылық жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде Toyota ең танымал брендтің бірі екені белгілі. Біздің өндірушілер тиісті келіссөздерді жүргізіп жатыр, себебі бизнес арасында осындай процестер жүретіні түсінікті. Мемлекеттік органдармен бизнес-корпорациялар бұл мәселелерді талқыламайды. Бұл тұрғыда қаражат салу, өкілеттік, көлікті өткізу нарығын қамту сияқты тақырыптар пысықталады. Сондықтан келіссөздер жүріп жатыр. Дегенмен, бұл бастаманы нақты жүзеге асыру мүмкіндігі туралы ештеңе айта алмаймын. Егер Toyota өндірісі бізде ашылып жатса, бұл еліміздегі ең табысты жобалардың бірі болар еді», - деді деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында Toyota Ресейдегі зауытын жабатыны туралы мәлімет тарады. Бұл шешімге аталған елдегі жағдай әсер етіп отыр. Осының салдарынан компания Ресейдегі зауатқа бөлшектерді жеткізуде қиындықтарға тап болған.





Фото: gov.kz




Соңғы жаңалықтар