Индустрия министрі елорда мектебінде ашық сабақ өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Нұр-Сұлтандағы №31 мектептегі салтанатты шараға қатысып, оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп кезеңі - адам өміріндегі ең қызықты шақ. Мектеп сіздердің барлық таланттарыңызды барынша ашып, жаңа дағдыларды ұштауға көмектеседі. Бүгін, мектеп табалдырығын бірінші рет ең кішкентай оқушылар - бірінші сыныптың бүлдіршіндері аттады. 317 бала партаға отырып, өздерінің алғашқы оқулықтарын қолдарына алып, әртүрлі ғылымы бар, қызықты кездесулер мен жарқын жаңалықтарға толы білім әлемі атты қызықты саяхатқа шықты. Сондай-ақ, осы оқу жылы 73 түлек үшін де ерекше болмақ, олар да бір кездері мектепке алғаш рет барған еді. Бірақ ересек өмірдің табалдырығында тұр», - деп атап өтті ведомство басшысы өз сөзінде.

Министр жоғары технологиялары дамыған қазіргі заманда әр адам әрдайым жетілу үстінде екенін атап өтті. Тек қажырлы еңбек қана ХХІ ғасырда жас өренді шыңға жетелейтіні анық.

«Мектепте жаңа үміттер мен ойлар туады. Жас жүрек дәрігер, мұғалім, бағдарламашы, үлкен суретші немесе Олимпиада чемпионы болуды армандайды. Сіз ойлауға, туындаған мәселелерді өз бетінше шешуге, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуға үйренуіңіз керек. Сіздерге оқуда табандылық, білімпаздық, мақсатқа жетуде жігерлік тілеймін. Құрметті ұстаздар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін зор ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті Роман Скляр.


Салтанатты жиынға қатысқаннан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі оқушыларға арнап «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оның барысында Роман Скляр қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, достыққа баулу, әлемдік ауқымдағы біздің елдің рөлі туралы сөз қозғады.



Соңғы жаңалықтар