ІnDriver Қазақстанда қандай жобаларды жүзеге асырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІnDriver компаниясының негізін қалаушы Арсен Томский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі - іnDriver-дің қызметін дамыту перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды.

Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырған еді.

Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты.

Іс-шарада Премьер-Министр, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа технологиялар саласында жетекші ойыншыға айналу ниеті бар екенін жеткізді.

«Қазақстан жаңа технологиялар, криптоэкожүйе, сонымен қатар реттелетін және ашық цифрлық майнинг салаларындағы жетекші ойыншыға айналуға ниетті», - деді ҚР Президенті «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы барысында.







Фото: t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар