Индор хоккейден қазақстандықтар тағы жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индор хоккейден (жабық ғимараттағы хоккей) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Азия кубогы ойындарында тағы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Олар бұған дейін Индонезиямен 4:4 есебімен тең түсіп, Сингапурды 6:1, Қытай Тайбэйін 5:1 есебімен сүріндірді.

Енді олар 13 тамызда Иранмен, 14 тамызда Малайзиямен кездеседі.

Ал әйелдер арасында қазақстандық спортшылар Қытай Тайбэйін 6:0 есебімен жеңді.

Еліміздің әйелдер құрамасы бұған дейін Пәкістаннан 13:0, Ираннан 5:2 есебімен басым түсті. Енді олар 12 тамызда Индонезиямен шеберлік байқасады.

Құрлықтық бәсеке Таландтың Бангкок қаласында 8 тамыз күні басталды. Аталған турнир 15 тамызда мәресіне жетеді.



Соңғы жаңалықтар