Индор хоккейден Азия кубогында қазақстандық екі құрама да жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индор хоккейден (жабық ғимараттағы хоккей) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Азия кубогы ойындарында бақ сынап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық бәсеке Таландтың Бангкок қаласында 8 тамыз күні басталды. Аталған турнир 15 тамызда мәресіне жетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеге барлығы 7 құрама келді. Олардың қатарында Малайзия, Иран, Таиланд, Индонезия, Қытай Тайбэйі және Сингапур бар.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Индонезиямен 4:4 есебімен тең түсіп, Сингапурды 6:1, Қытай Тайбэйін 5:1 есебімен сүріндірді.

Енді олар 11 тамызда Таиландпен, 13 тамызда Иранмен, 14 тамызда Малайзиямен кездеседі.

Турнир кестесінде қазақстандықтар 7 ұпаймен екінші орында тұр. Көш басында 9 ұпаймен Малайзия келеді.

Ал әйелдер арасындағы турнирге барлығы 9 құрама келді. Құрамалар екі топқа бөлінген. А тобында Қазақстаннан өзге Индонезия, Қытай Тайбэйі, Иран мен Пәкістан бар.

Қазіргі дейін қазақстандық спортшылар Пәкістаннан 13:0, Ираннан 5:2 есебімен басым түсті. Енді олар 11 тамызда Қытай Тайбэйімен, 12 тамызда Индонезиямен шеберлік байқасады.

Қазақстан әйелдер құрамасының еншісінде екі ойыннан кейін 6 ұпай бар. Көш басында 9 ұпаймен Индонезия хоккейшілері тұр.

Еске салсақ, бүгін елордада спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді.



Соңғы жаңалықтар