Индор хоккейден Азия кубогі: қазақстандық командалар жүлделі орындарға таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индор хоккейден (жабық ғимараттағы хоккей) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Азия кубогі ойындарында жүлделі орындарға таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлер құрамасы қай орынға таласатыны ертең, 14 тамызда Малайзиямен кездесуден кейін анықталады.

Қазір турнир кестесінде Малайзияның 11, Қазақстанның 10 ұпайы бар. Өзара кездесу барысында жеңімпаз бас жүлдені сарапқа салады. Жеңілгені үшінші орын үшін сынға түседі.

Ал көш басында 15 ұпаймен Иран құрамасы тұр.

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер бұдан бұрын Индонезиямен 4:4 есебімен тең түссе, Сингапурды 6:1, Тайваньды 5:1, Таиландты 6:3 есебімен тізе бүктірді. Тағы бір кездесуде Иранға 3:4 есебімен жол берді.

Қазақстандық хоккейшілер бұған дейін Азия кубогында 2014 жылы қола жүлдегер атанса, 2015, 2017, 2019 жылдарда күміс медаль алды.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы биылғы турнирде қола жүлдеге таласады. Бұл кездесуде 15 тамызда Малайзиямен шеберлік байқасады.

Бұған дейін олар топтық кезеңде Шри-Ланканы 13:0, Иранды 5:2 Тайваньды 6:0 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалда Таиландқа 0:6 есебімен жол берді.

Қазақстандық хоккейшілер бұған дейінгі Азия кубогы ойындарында 2010, 2012, 2014, 2015. 2017, 2019 жылдарда Азия кубогының жеңімпазы атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар