Индонезияның Көлік министрлігі AirAsia компаниясын лицензиясынан айыруы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның көлік министрлігі келесі дүйсенбіден бастап AirAsia әуе компаниясының барлық рейстерінің кестесін тексермекші.

Бұл туралы ведомствоның өкілі Джоко Муржамоджо мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Біз компанияның барлық рейстерінің кестесін тексермекшіміз. Дүйсенбі күні бастаймыз», - деді ол Рейтер агенттігінен. Ол сондай-ақ бұл тексерістің қорытындылары бойынша «AirAsia-ның Индонезияда ұшуға рұқсат беретін лицензиясын алып қою мүмкіндігі де жоққа шығарылмайтынын» қоса айтты.

Компанияның басшысы Суну Видьятмоко тілшілерге AirAsia-ның индонезиялық билік көздеріне бұл тексерістің барысында көмек көрсететінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар