Индонезияның батысындағы көмір шахтасында болған жарылыстан тоғыз адам қаза тапты

None
https://www.inform.kz/radmin/news/2022/11/03/221103133611708e.jpg
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат – Жұма күні Индонезияның батысындағы Батыс Суматра провинциясындағы көмір шахтасында жарылыс болып, тоғыз жұмысшы қаза тапты.

Тағы екеуі жараланып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30 шамасында Савахлунто қаласында орналасқан шахтада болды, деп хабарлаған провинцияның іздеу-құтқару қызметінің өкілі Ариф Пратама.

Оның айтуынша, жарылыс салдарынан тоғыз адам қаза тауып, жаралылар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Жоғалған адамды табу үшін іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр, деп қосты ол.


Фото: shutterstock.com


Соңғы жаңалықтар