Индонезиялық боксшы Тубагус Сакти жекпе-жектен кейін мерт болды

None
None
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Индонезиялық боксшы Тубагус Сакти елдің чемпионы атағына жасөспірімдер арасында өткен жекпе-жектен кейін мерт болды.

Бұл туралы шетелдік спорттық басылым хабарлады.

17 жастағы Сакти мен Ичаль Тобида арасында жекпе-жек 26 қаңтарда Индонезияның астанасы Джакартада өтті. Сегізінші кезеңнің аяғында Сакти қолын көтеріп, әрі қарай жекпе-жекті жалғастыра алмайтындығын сездірген, бірақ басына бірнеше соққы алды. Біршама уақыт өз аяғымен тұрғанымен көп ұзамай есінен танды.

Спортшыға рингте алғашқы жәрдем көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді. 27 қаңтарда күндіз Сакти есін жимастан жантәсілім етті. Дәрігерлердің қойған диагнозы бойынша, миына қан құйылған.

Соңғы жаңалықтар