Индонезиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 387-ге жетті

None
None
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Индонезияның Ломбок аралында болған зілзала салдарынан қаза тапқандардың саны 387-ге жетіп, зардап шеккендер 13 мыңнан асты. Бұл туралы сенбі күні Апат салдарын жою агенттігінің ресми өкілі Сутопо Нугрохо мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС The Straits Times-қа сілтеме жасап.   

Сутопо Нугрохоның айтуынша, «қаза тапқандардың саны артуы мүмкін, өйткені құтқарушылар үйінділердің арасынан зардап шеккендерді әлі іздеп жатыр». Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, зілзала салдарынан 387 мыңнан астам адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болған. Қазір аралда төтенше жағдай режимі енгізілген. Шенеунік, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және ауыр техниканың жетіспеушілігі салдарынан құрбандар саны артуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының ақпаратына қарағанда, 5 тамыз күні Ломбокта болған қуатты жер дүмпуі 6,6 балға жеткен. Жергілікті билік өкілдері 7 балдық жер сілкінісі болғанын айтады. Дүмпудің эпицентрі Матарам қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырым жерде, ал ошағы 10 км тереңдікте орналасқан.

Соңғы жаңалықтар