Индонезиядағы жазғы Азия ойындарында 53 елордалық спортшы құрама сапында өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері Индонезияда VIII Жазғы Азия ойындары басталады. Аймақтағы ірі спорттық шараның ашылу салтанаты 18 тамызда Джакарта қаласында өтеді.

Жазғы Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының сапында астаналық 53 спортшы 20 спорт түрінен күш сынасатын болады, деп хабарлайды Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы.

 Оның ішінде 8 қатысушы 4 спорт түрі бойынша Паразиялық ойындарда бәсекеге түседі.

Елордалық спортшылар келесі спорт түрлері  бойынша жарысады:

1. Белбеумен күрес -Дүйсембаева Ботагөз, Дүйсембаева Ұлжан, Құлманбетов Айдос;

2. Грек-рим күресі -Құстыбаев Азамат, Кебіспаев Алмат;

3. Әйелдер күресі -Эшимова Жұлдыз, Исламова Валентина;

4. Самбо -Зекенов Әлібек;

5. Дзюдо -Науатбек Ақмарал;

6. Байдаркамен және каноэмен есу -Ананченко Зоя, Егеубаева Дайана, Токарницкий Сергей;

7. Академиялық есу -Опачанова Александра;

8. Жүзу - Мусин Әділбек;

9. Синхронды жүзу -Русанова Дженифер, Тыныбаева Кристина, Талғатова Дания, Коноваленко Рената, Дектярева Яна, Абдулина Карина;

10. Көркемдік гимнастика - Тілекенова Адиля;

11. Жеңіл атлетика -Каспер Александр;

12. Оқпен ату -Вохмянин Сергей, Клейменов Алексей, Комендра Юлия;

13. Әйелдер боксы - Сұлтанқызы Сания, Волосенко Римма;

14. Велоспорт -Искакова Амилия;

15. Таеквондо - Төлепбергенова Маржан;

16. Стендтік ату -Могилевский Андрей;

17. Қазіргі заманғы бессайыс -Ильяшенко Павел, Потапенко Елена, Сухарев Владислав;

18.  Құзға шығу -Маймуратов Амир, Марленова Асель;

19.  Баскетбол -Иванова О., Багмет О., Ягодкина Т., Астапенко М., Куразова З., Винокурова А., Кондракова Н., Арзамасцева А., Байболекова М., Ерғалиев Р.

Сондай-ақ 2-13 қазан аралығында Джакартада мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Паралимпиадалық Азия ойындары өтеді. Биыл беделді халықаралық жарыста 4 спорт түрі бойынша 8 спортшы Қазақстан намысын қорғайды:

1. Жеңіл атлетика -Болат Бейбарыс, Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт (тірек-қимыл аппаратының бұзылуы);

2. Жүзу - Далиев Сиязбек (Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт), Сүтбаева Диана (көру), Уақпаев Әлібек (көру), Ли Надежда (көру);

3. Пауэрлифтинг - Әуезова Мария (Тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлғаларға арналған спорт);

4. Дзюдо - Арыстанбеков Бауыржан (көру), Шамей Ерғали (көру).

Жалпы, Азия ойындарына Азия құрлығының 45 мемлекетінен 9 мыңнан аса спортшы қатысады. Дүбірлі дода 42 спорт түрінен өтеді, 476 медаль сарапқа салынады. 

Соңғы жаңалықтар