Индонезиядағы цунамиден зардап шеккендердің ішінде қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None

«Біздің консулдық қызмет жергілікті төтенше жағдайлар органдарының өкілдерімен тікелей әрі тұрақты байланыста. Бүгінгі таңда табиғи апат салдарынан зардап шеккен немесе опат болған қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Десе де, біз әлі де байланысты ұстап отырмыз. Бұл - Индонезиядағы ең үлкен апаттардың бірі екені анық», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, өткен сенбі күні кешкісін Индонезияның батыс бөлігіндегі Зонд бұғазы жағалауында цунами болып, соның салдарынан кем дегенде 165 адам зардап шегіп, 20-сы қаза тапқаны хабарланған болатын. Табиғи апаттың салдарынан көптеген үйлер мен ғимараттар қираған.

Индонезияның табиғи апаттардың алдын алу агенттігінің өкілі Сутопо Пурво Нугрохоның хабарлауынша, цунами Джакарта уақытымен 21:27-де болған, соның салдарынан Зонд бұғазы жағалауындағы аудандар, соның ішінде Бантен провинциясы Пандегланг және Серанг округтері және Лампунг провинциясы Оңтүстік Лампунг округі зардап шеккен.

Соңғы жаңалықтар